Жақында Қырғызстан астанасы Бішкекте алдағы Парижде өтетін олимпиада ойындарына іріктеу бойынша лицензиялық турнир өткен болатын. Онда еркін күрестен ел намысын қорғаған Юсуп Батырмурзаев 125 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, аталмыш олимпиадаға жолдама алды. Осылайша, өңірге олжалы оралған балуанмен әріптесім Нұрболат Қуантайұлы жүздесіп, тілдесіп қайтты.