Биыл облыс аумағында 10 мәслихат депутатын таңдап, 4 аудан мен 7 ауылдық округ әкімдерін сайлау өтті. 7 округ бойынша 31 кандидат тіркелді. Оның 23-і өзін-өзі ұсынғандар. Бір үміткер мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарына сәйкес келмесе, тағы 6 адам өз еркімен кандидаттықтан бас тартты.