Жасыл ел жастары қарттар үйінің ауласын абаттандырып, аға буынның батасын алды. "Менің атаулы ағашым" экоакциясы аясында көшет егіп, жасыл желекті көбейтті. Отряд мүшелері қарттар және балалар үйінің алаңдарын көгалдандыру жұмыстарын жылдағы дәстүрге сәйкес биыл да өз мойындарына алған.