Су тасқынының салдарын жою үшін қалалық бюджет резервінен тағы 7 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл ақшаның бір бөлігі біржолғы төлемге жұмсалады, екінші бөлігіне жолдар жөнделіп, суағарлар салынады.

Депутаттар 2024-2026 жылдарға арналған бюджетті тағы бір қарап, осындай өзгертулер енгізді.