Көршілес елдер әлі де гуманитарлық көмек жіберіп жатыр. Бұл жолы жүк өңірге Тәжікстаннан жеткізілді. Мұнда азық-түлік, өзге тұрмыстық заттар емес, құрылыс материалдары бар.

Атап айтсақ, үй салуға қажетті цемент, шатыр жабындысы мен шегені молынан жіберген. Қолда бар деректерге сүйенсек, цемент 240 тонна, ағаш 70 тонна, шеге 60 тоннаны құрайды.

Сонымен бірге 5400 дана төбе жатындысы да бар. Жүкті түсіріп, тиеуге әскерилер жұмылдырылды.