Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департамент қызметкерлері эвакуациялау пункттеріне барып, онда уақытша тұрып жатқан азаматтармен кездесті.

Қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін түсіндіріп, құжаттарына қатысты кеңес берді. Мемлекеттік орган өкілдері әр тұрғынның мәселесін жеке қарады.

Кездесу өткен колледждердің бірінің жатақханасында бүгінде 300-ден астам адам тұрып жатыр.

Бәрінің басты мәселесі - баспана.