Күзде бірінші сыныпқа баратын, бірақ мектепке даярлау ұйымдарына қатыспаған балалар үшін 3 ай демалыста бүлдіршіндер мектебі ұйымдастырылады. Онда бастауыш сынып мұғалімдері балалардың зейінін ашуға бағытталған түрлі сабақтар өткізеді. Қай білім ошақтарына баруға болатынын білім басқармасының әлеуметтік желідегі парақшаларынан біле аласыз. Ал ұлттық бірыңғай тестілеуге келер болсақ, облыс бойынша қорытынды сынақты 9236 түлек тапсыруы тиіс.