6 сынып оқушысы әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Ақтөбелік жас шахматшы Ханзада Аманжол Албанияда өткен жарыста 3-орын еншіледі. Олжалы оралған спортшыны мұғалімдері және сыныптастары ыстық ықыласпен қарсы алды. Жүлдегермен арнамыздың түсірілім тобы жүздесті.