Биыл қала бойынша 22 жерде субұрқақ іске қосылады. Оның 8-і қайта күрделі жөндеуден өтпек. Құрылысына жауапты мердігер мекеменің ісі қазір сотта қаралып жатыр. Абай гүлзары, орталық стадион маңындағы арбат, Тұңғыш Президент саябағында орналасқан субұрқақтарды жөндеу жұмыстары 2022 жылы басталған еді. Содан бері тапсырылмай келе жатыр. Жауаптылар биыл қалайда жөндеу жұмыстарын аяқтап, мамыр айында барлық субұрқақты іске қосуды жоспарлап отыр.