Әйтеке бидің 380 жылдығына орай Сағи Жиенбаев кітапханасында конференция ұйымдастырылды. Тарихта халқымыздың біртұтас ел болып, мемлекеттігін сақтап қалуы үшін күрескен тұлға туралы тереңірек әңгіме қозғалды.

Шараға шақырылған жас оқырмандар үшін экскурсия ұйымдастырылып, тарихи тұлға туралы кітаптар таныстырылды.