Ескі диван, бұзылған тоңазытқыш немесе теледидар. Қала тұрғындары қоқыс контейнеріне дәл осындай заттарды да үйіп, төгіп тастайды.

Бұл өз кезегінде қоршаған ортаның ластануына, екіншіден тазалыққа жауапты мердігерлердің жұмысына кедергі келтіреді. Жұрт құлақ аспаған соң, мердігерлер амалсыздан өздері жинауға кіріскен.