Су тасқынына байланысты уақытша қала жатақханаларында тұрып жатқан отбасы балалары үшін тиімді демалыс ұйымдастырылды.

Қалалық мәслихат депутаттары жеткіншектерді екі күн қатарынан мұражайларға апарып, аниматорлардың қатысуымен мереке өткізді.