Қазіргі уақытта өңірде 10 ауданға тікелей қатынайтын ауданаралық автобустар бар. Енді құзырлы сала мамандары мұндай қатынасты барлық ауданға оңтайландыруды көздеп отыр. Ол үшін мемлекет тарапынан тасымалдаушыларға қаржылай қолдау да бар. Яғни, келтірілген шығынды өтеу үшін оларға субсидия беріледі. Қажет болса, автобустарды да жаңартып беруге әзір. Сонымен қатар, 3 ауданның тасымалдаушысын анықтау үшін конкурс жарияланған.