"Ақтөбе" футбол клубы сырт алаңда алматылық "Қайраттан" басым түсті. Есеп: 1-3. Ақ-қызылдар сабынан Әлібек Қасым мен Максим Самородов гол соқты. "Ақтөбе" енді 10 ұпаймен турнир кестесінде бірінші орында тұр. Айтып өтелік, бұған дейін "Ақтөбе" сырт алаңда "Қайрат "командасын 9 жыл бойы жеңе алмай келген еді.