Сенбі күні сенбілікке. Өткен демалыста ақтөбеліктер таза қала үшін біраз белсенділік танытты. Үлкені де, жасы да қолына тырма, күрек ұстап, экологиялық акцияға қатысты. Бұл жолы шаһардағы саябақ, гүлзарлар мен ескерткіш алаңдарын мұнтаздай етті.