Ырғыздың Құйлыс пен Жайсаңбай ауылдарына әлі де болса қауіп бар. Құйлыс ауылының тұрғындары қазір аудан орталығындағы эвакуациялық пунктте. Облыстағы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Қостанайдан келетін Торғай өзенінің деңгейі төмендеп келеді. Айта кетейік, Ырғызда Нұра, Мамыр және Белшер ауылдарына су кіріп, 81 үйді зақымдаған.