Ойылда 17 отбасыға тасқын салдарынан бүлінген мүліктің өтемі ретінде жалпы алғанда 54 миллион теңге берілді. Сонымен қатар, 270 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде төлем алды.

Баспанасыз қалғандарға салынатын жаңа үйлердің орны да әзір. Оны облыс әкімі ауданға жұмыс сапары барысында көріп келді.