Мектептердегі эвакуациялық пункттер жабылды. Ал ондағы адамдар қаладағы жоғары оқу орны мен колледж жатақханаларға көшірілді. Азық-түлік, көрпе-төсек, күнделікті тұтынатын заттар уақытылы жеткізіліп жатыр. Ал, мектеп жасындағы балалар үшін сабақ оффлайн режимге ауысты. Айта кетейік, көрші облыстардан өңірге әлі де болса гуманитарлық көмек келіп жатыр. Соның бірін кеше түнде оңтүстік жұртшылығы жіберген.