Негізгі Жаңалықтар ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНІҢ ӘЛЕУЕТІН ДАМЫТУ

Облыста шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту үшін бастау алған пилоттық жоба оң нәтижесін берді. Жобаға қатысқан білім ордаларының алдымен материалдық-техникалық базасы нығайды, шалғайда орналасса да, интернет жылдамдығы артты. Мұғалімдер біліктілігін көтеріп, нәтижесінде оқу сапасы жоғары нәтиже көрсетті. Өңірге жұмыс сапарымен келген вице-премьер Тамара Дүйсенова пилоттық жобаны сәтті іске асырған облыс басшылығына оң бағасын берді. Республикалық семинар кезінде өзге өңірлерге үлгі етіп, алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынын арттыруды тапсырды.    
Бөлісу