Кеншілер өлкесіндегі егін шаруашылығы кешенінің дамуы. Хромтау ауданында қазір 388 ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс істеп тұр. Оның 50-ден астамы егін шаруашылығына бағытталған. Қазіргі кезде диқандар астық жинау науқанына кіріскен. Биыл күн жауын-шашынды болып, бұл мол өнім алуға өз септігін тигізіп тұр. 40 мың гектар алқаптағы дәнді-дақыл жиналды. Орташа өнімділік гектарынан 16 центнер.