Жастар қала тазалығына кірісті. Көктем келсе астаң-кестеңі шығатын шаһар көшелерін күл-қоқыстан тазалап, аумақтарды ретке келтірді. Бұл жолы бір топ белсенді жас қаржыгерлер саябағының сәнін арттырды. Экологиялық акцияға оқу орындарының 200-дей студенті білек сыбана қатысты.