"Ақпыз, қара сарымыз, ағайынбыз бәріміз". Бәйішев университетінде өткен мерекелік шарада түрлі ұлт өкілдерінің ұл-қыздарын бір шаңырақ астына жинап, бірлік пен татулықта өмір сүріп келе жатқан отбасының өмірі үлгі етілді.

Сол отбасы мүшелерінен құралған Шашу ансамблі өнер көрсетті. Бүгінде үш мыңнан астам студенті бар оқу ордасында түрлі этнос өкілдері білім алып жүр.

Университет шетелдік оқу орындармен де тығыз байланыста.