№1 Ембі қалалық жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары қайырымдылық концертін өткізді. "Жақсылық жасап жарысайық" атты шарадан түскен қаржы су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасыларға жұмсалмақ.

Республикалық байқаулардың жеңімпаздары түрлі тақырыпта ән айтып, би биледі. Соның ішінде өнерпаздардың ана туралы шығармасы көпті ерекше әсерге бөледі.

Бұл мектеп оқушыларының бауырмалдық, адамгершілік қасиеттерді терең ұғынуына септік еткен шара болды