Өңір басшысы Ырғыз ауданындағы жағдаймен танысты. Мұнда Торғай өзенінен су келіп жатыр.

Қазір жергілікті атқарушы орган өкілдері, төтенше жағдайлар қызметкерлері мен әскерилер бөгетті бекіту, биіктету жұмысы атқарып жатыр. Облыс әкімі Асхат Шахаров жауаптылармен бірге әуеден бақылап, жағдайды бағамдады.

Айтып өтейік, кеше Нұра ауылдық округіне қарасты Мамыр ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді.

Олардың бәрі аудан орталығында арнайы дайындалған эвакуациялық бекеттерге орналастырылды.