Жас ғалымдар 63-ші халықаралық ғылыми конференцияда бас қосты. Марат Оспанов атындағы медицина университетінде өткен ауқымды шара бұл жолы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды. Қазақстан және Ресейдің жас зерттеушілері ең үздік жобаларын таныстырды.