Өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 18 мектеп салынуы тиіс. Жобаның жалпы құны 90 млрд теңге. Оның 14-і биыл аяқталуы керек. Жаңа оқу жылында 10 мектеп, жыл соңына дейін 4 мектеп пайдалануға берілуі тиіс. Қазіргі таңда бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.