Сонымен бірге әуежай жұмысы да толық қалпына келтірілді. Қазіргі кезде ішкі және халықаралық рейстер атқарылып жатыр. Айтып өтейік, Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай сәрсенбі күні ұшақтарды қабылдауды уақытша шектеді. Себебі боран салдарынан ұшу және қону алаңы жабылды. Сол кезде Алматы, Астана, Атыраумен қатар Шарм-Эш-Шейх халықаралық рейсі тоқтатылды.