Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрының орыс труппасы Николай Эрдманның «Өзін-өзі өлтіру» пьесасының желісімен "Бұлай өмір сүруге болмайды" қойылымын сахналады.

Бұл спектакль кеңестік драматург Николай Эрдманның қара комедия жанрындағы алғашқы туындыларының бірі. Сондықтан актерлер оны қоюға мұқият дайындалды.

Сюжетте басты кейіпкер жұмыссыз, әрі отбасындағы сәл ренішке бола өмірін қимақ болған сәті бейнеленген. Бұл арқылы автор көрерменге өмір мен өлім мәнісін көрсете білді.