Қазақстан футболшылары елге оралды. Ұлттық құрама ойыншыларын әуежайдан жанкүйерлер ыстық ықыласпен қарсы алып, бірге суретке түсті. Люблянадан келген футболшылардың көңіл күйі болмады. Дегенмен, ұлттық құраманың ойыншылары кеткен есені қайтаратын мүмкіндік барын айтты. Грекия командасымен өтетін аладоп бәсекесінде намысты қолдан бермейміз дейді. Бар үміт- келер жылы ұйымдастырылатын Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіндегі матчта.