Ақтөбелік оқушылар тоғызқұмалақтан өткен әлем чемпионатынан жүлделі оралды. Алматыда өткен әлем біріншілігіне 17 елден келген 200-ден аса спортшы қатысты. Қыздар арасында Балнұр Тілегенова 2 орын, ал ерлер арасында Қайрат Тұрарбек 3 орынға ие болды. Ақтөбе жалпы командалық есепте бірінші орында
. Айта кетейік, оқушылар арасындағы әлем чемпионаты тұңғыш рет өткізілген. Тартысты додада Чехия, Моңғолия, Түркия, Бангладеш және өзге де мемлекеттен келген спортшылар бақ сынады