"Еңбек жолы" байқауының биылғы жеңімпаздары да белгілі болды. Олар "Үздік еңбек әулеті", "Өндірістің үздік жас маманы" және "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" бағыттары бойынша марапатталды. Еңбек күніне орай ұйымдастырылған шараға облыс әкімі қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.