Облыста су құбырын жаңарту мақсатында 7 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бүгінге дейін үшеуі аяқталды. Бұл Рұсқұлов, Чекалин көшелеріндегі жұмыс. Бөлінген инвестиция көлемі шамамен 1,2 миллиард теңгені құрады. Ауыз су құбырларын ауыстыру жарты ғасырдан астам күрделі жөндеу көрмеген аумақтарда жүргізілген. Айта кетейік, қалада су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы шамамен 1200 шақырымды құрайды.