Суға түсу маусымында қауіпсіздікті күшейту керек. Облыс басшысы бүгін әкімдікте өткен жиында осындай тапсырма берді. Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Марғұлан Аманбаевтың айтуынша, өңірде 65 жағажай бар. Оның 18-і қалада. Біреуі ғана коммуналдық. Бұл аздық етеді. Алдағы уақытта тағы үшеуін ашу жоспарланған.


Ондағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін құтқару курстарынан 64 адам өтіп, тағы 24 адам оқуын жалғастырып жатыр. Жиында Елек өзенінде суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған 9-шы сынып оқушысы Қолқанат Баққұлға алғыс хат пен бағалы сыйлық табысталды