Әлия Молдағұлова атындағы мемориалдық музей мен Марат Оспанов атындағы медицина университетінің ұжымы медицина ғылымдарының докторы, профессор Халида Маманованы еске алды. Биыл атақты дәрігердің туғанына 105 жыл толды. Ол Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Берлинге дейін барған. Тіпті капитан шенін алған. Ал соғыс аяқталған соң елде қызмет етіп, түрлі ғылыми жаңалықтар ашты. Ақтөбе жерінде университетте кафедра меңгерушісі болды. Музей қызметкерлері келушілерге тарихтың осы тұстарын қозғап, біртуар ғалым туралы құнды деректерді айтты