Сондай-ақ Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Алексей Цой Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. 


Мәртебелі мейман оқу орнының жұмысымен танысып, мұражай, кітапханасын аралап көрді. Бүгінде еліміздің батыс өңіріндегі жалғыз медициналық университетте бес жарым мыңдай студент оқиды. 


Профессорлық-оқытушылық құрамда 480 адам қызмет етеді. Іргетасы қаланғаннан бері 30 мыңнан астам дәрігер дайындалды. 


Алексей Цой өз сөзінде «Біздің медициналық орталық үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізуде және осы салада Сіздердің жоғары оқу орындарыңызбен ынтымақтастыққа мүдделіміз. Өйткені оқу орнының ғылыми әлеуеті жоғары. Біз үшін медициналық университеттің түлектері – ерекше бренд. Бұл білім ордасынан расымен мықты дәрігерлер шығады" деп атап өтті.