Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында танымдық кеш өтті. Кездесуге «Қазақстанның алтын кітабы» және «Қазақстанның үздік әйелдері» атты кітаптарға енген аналар қатысты. Басқосуда қоғамдағы, отбасындағы ананың рөлі туралы айтылды. Неке мен отбасы құндылықтарын насихаттап, жастарға үлгі боларлық ғибраты мол аналарды көпшілікке таныстырды. Мазмұнды кездесуде облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып жүрген аналар сөз сөйледі. Шара сырласу форматында өтті. Аналар тарапынан өнегелі ойлар мен пікірлер айтылды. Аналардың есімі енген кітаптар таныстырылып, бейнебаяны көрсетілд