Биыл 8 айда 36 елдімекенге жылжымалы медицина кешені барды. Оған 74 мыңнан астам адам қаралған. Нәтижесінде мыңнан астам адамнан түрлі ауру анықталса, олардың 202-сі есепке алынды.
Бұл туралы «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында атқарылған жұмыс жайын талқылау кезінде айтылды. Дегенмен ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын тапқан абзал. Сондықтан скринингтің сапасын арттыру керек.
Облыс әкімі болашақ ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізілді тапсырды. Бұл ұлт саулығы үшін маңызды мәселе. Бұдан бөлек, өңір басшысы тұрғындар арасында салауатты өмір салтын дәріптеп, бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту жұмыстарын күшейтуді жүктеді. Бүгінде спортпен жүйелі түрде айналысатын тұрғындардың үлесі 36 пайызға жуықтады. Жиында күн тәртібінен тыс сондай-ақ, мектеп аумағын абаттандыру және санитарлық екі айлық өткізу сұрақтары да қаралды.
Білім, дене шынықтыру басқармалары алдына қысқа мерзім ішінде жалпы білім беретін мектептердің айналасын ретке келтіру, спорт алаңдарын жөндеу міндеті қойылды. Жарияланған жалпы облыстық сенбілікке қарамастан өз аумағын және айналасын жинамаған бірқатар компанияларға ескерту берілді. Олардың қатарында, Helios жанармай құю бекеттерінің желісі, Ақтөбе металл конструкциялар зауыты, КМК Мұнай компаниясы, Тургенев көшесі бойындағы Халыққа қызмет көрсету орталығы, облыстық көпсалалық аурухана, көлік бақылау инспекциясы, Батыс Қазақстан медициналық университеті және тағы да басқасы бар.
Өңір басшысы «Анвар» сауда желісінің ұжымына сенбілікке белсенді қатысқандары үшін алығысын білдірді