"Ақбидай-2017" республикалық ауыл спорты ойындарында ең жоғары көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысының волейболшыларына тиесілі болды. Ерлер арасында өткен волейбол ойынында шығыстың  командасы үздік нәтижеге қол жеткізіп, жеңімпаз атанды. Ақтық мәреде олар Павлодар облысынан келген командамен ойнады. Жеңімпаздардың айтуларынша, турнирге қатысқан 8-9 команда Қазақстан чемпионатының А және Б кластарында өнер көрсете алады. Ал кейбір спортшылардың еліміздің жоғары лигасында тәжірибесі бар. Бұл командалардың шеберлік деңгейінің айқын дәлелі. Шығыс Қазақстан облысының командасы үнемі ірі жарыстарда жеңіске жетіп жүр. Оның ішінде ауыл ойындары да бар.

ДОСХАН МУСИН, "АҚБИДАЙ-2017" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫ (ШҚО)

- Ақтөбе қаласынан үлкен жарыс өтті. Шығыс Қазақстан облысынан келіп тұрмыз.  І орын алдық. Қуаныштымыз. Павлодар облысынан келген командамен финалда ойнадық.  Тартысты ойын болды. Осындай жарыстар көп болсын. Бек Әмренов, бапкерімізге рахмет