Шығармашылық академиясында Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Гүлсамал Аймаханованың мерейтойына арналған кеш өтті. Оның есімі ақтөбелік оқырманға бұрыннан таныс. Облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарында көп жылдар қызмет етті. Мамандығы журналист болғанмен, өлең шығарып, музыка жазумен айналысты. Бірнеше жыр жинағын баспадан шығарды. Ақын, сазгер, аудармашы Гүлсамал Аймаханова - мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосып келеді. Шығармашылық кеште оның әндері шырқалып, өлеңдері оқылды.