Облыстық әділет департаменті жариялаған "Ең үздік эссе" байқауының қорытындысы шықты. 297 жұмыстың ішінен үздіктері іріктеліп алынды. Қазылар алқасы ұлттық патриотизмді, мемлекеттік тілдің мәртебесін насихаттаған шығармалар авторларына жүлде тағайындады.
Биыл ақпан айының басында облыстық әділет департаменті "ең үздік эссе жазу" байқауын жариялаған болатын. Оған 300-ге жуық эссе келіп түскен. Талап бойынша қатысушылар "Қазіргі заманғы қазақстандық патриотизм", "Мемлекеттік тіл - ұлттың негізі", "Гендерлік саясаттың өзектілігі" және "Құқықтық сауаттылық - азаматтық қоғамның негізі" тақырыптарында эссе жазуы тиіс.
Қатысушылардың жас ерекшеліктеріне шектеу қойылған жоқ. Нәтижесінде, комиссия шешімі бойынша үш жеңімпаз, төрт номинант және үш алғыс хат иелері анықталды. Солардың бірі - Әсел Жұмабаева. Ол мұндай байқауға қатысқанын мақтан етеді.
Жеңімпаздарға грамота және алғыс хаттар табысталды. Департамент мамандары алдағы уақытта мұндай конкурстарды жиі ұйымдастырамыз деп отыр.
Тегтер: Ақтөбе жаңалықтары, Ақтөбедегі оқиғалар, Ақтөбе қаласының соңғы жаңалықтары, байқау қорытындысы шықты