Теміржол бойындағы қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған рейдтік іс-шара басталды. Көліктегі полиция қызметкерлері мен теміржол ұйымдарының өкілдері Сельмаш көпірі маңында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, белгіленбеген жерден теміржолды кесіп өтудің қауіпті екенін ескертті.