Енді Қазақстан халқы ассамблеясы мен 2022 жылы құрылған Ұлттық құрылтайдың орнына "Халық кеңесі" деген жаңа орган құрылады. 


Бұл жөнінде кеше Қызылордада өткен маңызды жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Президент бастамасына пікір білдірген халық қалаулылары бұл органның жыл сайын жиналыс өткізетін консультативтік алаң болатынын тілге тиек етіп отыр. 


Сонымен қатар, оған заң шығару бастамасы берілетінін де ашып айтты.