Өңірде ерлер арасында Қазақстан ұлттық лигасы чемпионаты өтіп жатыр. Жарыста Ақтөбеден бөлек, Атырау, Орал, Петропавл қалаларының командалары бақ сынауда. Жалпы саны сегіз команда қатысып жатыр.


 Қазіргі таңда ақтөбелік спортшылар турнир кестесінде Талдықорғанның «Жетісу» клубынан кейін екінші орында тұрса, үшінші және төртінші орындарда Орал мен Атырау командалары тұр. 


Жарыс үш күн бойы өтеді. Бүгін ақтөбеліктер Петропавл командасымен ойнаса, ертең «Атырау» командасымен, ал соңғы күні Оралдық спортшылармен кездеседі.