Қысқы кезеңде Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау қызметтерімен бірлесіп 89 авариялық-құтқару жұмыстарын, 24 іздестіру-құтқару операцияларын өткізді. Құтқару жұмыстарына 1200-дан астам қызметкер мен 322 арнайы техника жұмылдырылған. Атқарылған шаралар нәтижесінде 234 адам құтқарылса, оның 14-і бала және 100-ге жуығы шетел азаматы. Жалпы, қысқы кезең басталғалы ауа райының қолайсыздығына байланысты 43 рет барлық автокөлік түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылған.