Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өткен жылғы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары айтылды. 2025 жылды оң нәтижемен аяқтап отырмыз. Жыл ішінде аймақтың экономикалық өсімі 106%-ға жеткен.
Сонымен қатар, жиын барысында басқарушылық шешімдерді қажет ететін проблемалық мәселелер айқындалды.