Желтоқсан айының алғашқы аптасында өңірде 1800-ден астам жол ережесі бұзылғаны анықталды. Сондай-ақ, шетелдік тіркеуде тұрған автокөліктер айып тұрағына қойылып, жасанды мемлекеттік нөмір иемденген жүргізушілерге тұсау салынды. Тәртіп сақшылары жолдағы бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түрлі профилактикалық шараларды қолға алып келеді.