«Ауыл аманаты» бағдарламасы басталғалы Шалқар ауданында 379 жоба мақұлданып, кәсіп ашқысы келетін азаматтарға 2 мрлд теңгеден астам жеңілдетілген несие берілген. Бір қызығы жыл өткен сайын нақ осы жобаға қызығушылық танытып, қатысқысы келетін ауыл тұрғындарының саны артып келеді. Айталық, биылдың өзінде 59 жоба мақұлданған. Ал жеңімпазы атанып, кәсіп ашқандардың басым бөлігі шағын және орта бизнеске бет бұрған.