Жақында елордада президенттің қатысуымен ауыл әкімдерінің форумы өтті. "Ауыл әкімдерінің диалог - платформасы" атты шара тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет 2500 әкімнің басын қосты. Жиынға келгендердің арасында ең жасы 30-ға да жетпеген жас әкімдерден бастап, 30 жыл ел басқарған тәжірибелі басшыларға дейін қатысты. Ашық пікір алаңында сөз сөйлеп, мәселе көтергендердің бірі - Мәртөк ауданына қарасты Тәңірберген ауылдық округінің әкімі Медет Бекжанов.