Биыл «Отбасының цифрлық картасы» арқылы 246 мыңнан астам адам мемлекеттік қызмет алды. Бүгінде бұл ақпараттық жүйеге 20 млн адамның, яғни 6 млннан астам отбасының жеке дерегі жинақталған. Онда табыс деңгейі, баспананың, несиенің болуы, отбасы құрамы, жұмысқа жарамсыз жандардың бар-жоғы, тіпті денсаулық жағдайына дейін ақпарат бар. Сондай-ақ, әлеуметтік төлемнің 11 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Биыл өтініш бермей-ақ 246 мыңнан астам адам платформаның көмегімен жәрдемақы алған. Мемлекеттік қолдау шаралары 1414 SMS-хабарламасы арқылы іске асады.