Өңірде Жұмыспен қамту жол картасы аясында 51 778 жұмыс орны құрылды. Бірқатар жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша жоспарлы көрсеткіштер артығымен орындалды. Айталық, ұлттық жобалар аясында биыл 3 469 жұмыс орны құрылды. Аталған бағыттағы нәтижелі жұмыстар
облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде айтылды.